Өз есіміңізді енгізіңіз

Сіздің телефон

Электронды пошта мекенжайы

Барлық алаңдарды толтырыңыз, Сізбен тез арада хабарласамыз

Өтініміңіз үшін алғыс білдіреміз, біздің менеджер Сізбен жедел хабарласады

Өз есіміңізді енгізіңіз

Сіздің телефон

Электронды пошта мекенжайы

Қаланы таңдау

Камераны таңдаңыз

Уақытты таңдаңыз

Выберите дату

Количество человек

Барлық алаңдарды толтырыңыз, Сізбен тез арада хабарласамыз

+7 (727) 334 16 16
+7 (701) 034 16 16
+7 (7172) 91 16 16
+7 (707) 291 16 16
+7 (7132) 41 16 16
+7 (707) 241 16 16
+7 (7182) 20 16 16
+7 (707) 820 16 16

Мекенжайы

"Нурлы Тау" БО,
4А блогы
36 көшесі, 13 үйі, Иманов көшесі, 41 үйі
МКРН-11, 3Д үйі
Кутузов көшесі, 89 үйі
Картадан көрсету
EN RU KZ
Қаланы таңдау
Сіз қай қаладнсыз?
X

Тұзды аэрозоль мынадай әсер етеді:

  • муколитикалық әсер
  • бактерияға қарсы әсер
  • қабынуға қарсы әсер
  • иммунитетті жақсартатын әсер
  • сондай-ақ аллергендерге шалдыққыштықты төмендетеді

Галотерапия туралы

Галотерапия – ағзаны сауықтырудың бірегей және тиімді әдістемесі, оның негізінде жер асты тұзды үңгірлердің микроклиматын қолдану жатыр. Мыңдаған жылдар бойы монахтар тұзды үңгірлерді тыныс жолдарының ауруларын емдеу үшін пайдаланып келген, ал Шығыс Еуропада бұл әдіс 150 жыл бойы табысты қолданылады.

Заманауи технологиялар табиғи емханалардың жағдайларын жаңадан жасауға мүмкіндік береді және бұл ретте ажырамас артықшылықтарға ие: құрғақ тұзды аэрозоль өте ұсақ түйіршіктер түрінде тікелей ауаға бүркіледі. Олар өкпеге терең сіңіріледі. Оның үстіне галокамераларда басқарылатын микроклиматтың жүйесі және тұзды аэрозольдің түрлі режімдері қолданылады.


Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша галотерапияның жүрек-қан тамырлары жүйесінің күйіне жағымды әсер ететіндігі дәлелденді. Дәл осы себеп бойынша галотерапия жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясына зардап шегетін науқастарды оңалту бағдарламаларында кеңінен таралуда.

Галотерапияның артықшылықтары

Курс галокамераға барудың 10-15 сеансынан тұрады. Жылына үш-төрт курс емдеуден өту ұсынылады. Алайда бір рет барудың өзінен кейін де күй-жағдайдың жақсаруын байқауға болады.
Галотерапияны белгілеуге көрсетулер
Көрсету
Жиыру
I. РЕСПИРАТОРлық аурулар
  • Жоғары тыныс жолдарының аурулары
  • Жедел өтетін бронхит
  • Қайталанатын бронхит
  • Созылмалы бронхит
  • Бронх демікпесі (жеңіл және орташа дәрежедегі)
II. ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
  • Нейроциркуляторлық дистония (гипотониялық, гипертониялық түрі).
  • Артериалдық қысым деңгейі, жүрек соғу жиілігінің тұрақсыздығы
III. ЛОР-ОРГАНДАР ПАТОЛОГИЯСЫ
  • Созылмалы немесе асқынып келе жатқан тонзиллит.
  • Созылмалы немесе асқынып келе жатқан синусит (гайморит, фронтит).
  • Аллергиялық риносинусопатия, поллиноздар.
 
IV. ТЕРІ АУРУЛАРЫ
  • Атопиялық дерматоз, тұрақтану кезеңіндегі диффузиялық және экссудативтік түрі.
  • Тұрақтану кезеңіндегі псориаз.
  • Экзема
  • Майлы бездердің мөлшерден тыс бөлінуі (терінің майлы түрі).
  • Терінің іріңдеп зақымдануы, безеу.
  • Айнала қасқабастану.
V. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ИММУНИТЕТТІҢ ТӨМЕНДЕУІ
  • ӨРА, ӨРВИ жиі және/немесе ұзақ ауыратын тұлғалар.
  • Зиянды өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін тұлғалар (шаң, газ, түтін, химиялық заттар, қоршаған ауа температураларының айырмасы, аздаған радиация мөлшерлері).
  • Темекі шегетін немесе бұрынырақ темекі шеккен адамдар. Темекіден бас тартуды жеңілдетеді.
 
Қарсы көрсетімдер
Көрсету
Жиыру
  • Тұмау, жоғары дене қызуы бар ӨРВА, аурудың өткір кезеңі
  • Созылмалы аурудың асқынуы
  • Бүйректің өткір және созылмалы аурулары
  • Мұрыннан қан кету
  • Анықталмаған генездегі түрлі ауырлық деңгейіндегі бронх демікпесі
  • Оқшаулау мерзімдері аяқталғанға дейінгі барлық өткір инфекциялық аурулар;
  • Белсенді кезеңдегі барлық туберкулез түрлері;
  • Науқастарды климаттық клиникалық емдеуге жіберуді қоса алғандағы жалпы қарсы көрсетімдер;
  • Психикалық аурулар (клаустрофобия);
  • Нашақорлық пен токсикоманияның барлық түрлері;
  • Эпилепсия
  • Кез келген жерлердің іріңдеу процестері
  • Түрлі себепті жиі қайталанатын және көп мөлшердегі қан кетулер, қан түкіру
  • Созылмалы коронарлық жетіспеушілік
  • Өткір кезеңдегі барлық аурулар, оқшаулау кезеңі аяқталғанға дейінгі жоғары температурамен жүретін өткір инфекциялық аурулар.
 
Тұзды үңгірлер тізбегі – Galo Center
Пайдамен тыныс алыңыз!