Өз есіміңізді енгізіңіз

Сіздің телефон

Электронды пошта мекенжайы

Барлық алаңдарды толтырыңыз, Сізбен тез арада хабарласамыз

Өтініміңіз үшін алғыс білдіреміз, біздің менеджер Сізбен жедел хабарласады

Өз есіміңізді енгізіңіз

Сіздің телефон

Электронды пошта мекенжайы

Қаланы таңдау

Камераны таңдаңыз

Уақытты таңдаңыз

Выберите дату

Количество человек

Барлық алаңдарды толтырыңыз, Сізбен тез арада хабарласамыз

+7 (727) 334 16 16
+7 (701) 034 16 16
+7 (7172) 91 16 16
+7 (707) 291 16 16
+7 (7132) 41 16 16
+7 (707) 241 16 16
+7 (7182) 20 16 16
+7 (707) 820 16 16

Мекенжайы

"Нурлы Тау" БО,
4А блогы
36 көшесі, 13 үйі, Иманов көшесі, 41 үйі
МКРН-11, 3Д үйі
Кутузов көшесі, 89 үйі
Картадан көрсету
EN RU KZ
Қаланы таңдау
Сіз қай қаладнсыз?
X
Емделуші үшін жадынама:
  • Сеанс 45 минут жалғасады. Сеанс кестесін орталық персоналы да, емделушілер де қатаң орындайды, сондықтан сеанстарға кешігуге жол берілмейді.
  • Иіс сулар мен басқа да өткір иісті косметикалық құралдардан бас тартуға ұсыныс беріледі.
  • Емделуші процедураға ертерек дайындалуы тиіс: сыртқы киімі мен аяқ киімін шешіп, шұлық (бахил) киюі тиіс.
  • Емделуші процедура басталғанға дейін 10 минут бұрын келуі тиіс.
  • Емделуші тұзды үңгірден шықпауы тиіс (тек жедел жағдайларда ғана).
  • Процедурадан барынша босаңсытатын әсер алу үшін емделуші арнайы бөлінген креслоға отыруы тиіс.
  • Тұзды үңгірде электрондық аспаптарды пайдалануға тыйым салынады (ноутбуктер, телефондар және т.б.).
  • Өзімен бірге тамақ өнімдері мен сусындар, сондай-ақ кітаптар, сөмкелер мен өзге де бөгде заттарды әкелуге тыйым салынады.
  • Алкогольдік және нашақорлық масаю күйіндегі емделушілерге тұзды үңгірге кіруге тыйым салынады.
  • Курс барысында созылмалы аурудың асқынуы тиімсіз емдеудің белгісі болып табылмайды, керісінше, бұл күтілетін ағзаның реакциясы, ол тұрақты патологияның бұзылу процесі үшін тән.
  • Жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар емделушілер алдын ала дәрігермен кеңескендері жөн.
  • Галокамераға өткір инфекциялық аурулары және дене қызуы бар емделушілердің кіруіне жол берімейді.
 

Галотерапияны тыныс жолдары ауруларының алдын алу және емдеуде қолдану

Көптеген зерттеулер галотерапияның созылмалы респираторлық аурулар, түрлі аллергия аурулары, синуситтар мен өзге де патологиялар кезінде айтарлықтай жақсарту әкелетіндігін дәлелдейді.

Дүние жүзі бойынша өткізілген 40 жылдық зерттеулер негізінде галотерапияның келесі аурулардан зардап шегетін науқастар үшін аса тиімді екендігі расталды:

Тұзды аэрозольдің бүркілген түйіршіктері бактерицидтік және бактериостатикалық әсер етеді, тыныс жолдарының микрофлорасына жағымды әсер етіп, бронх эпителийінің жұмысын ынталандырады. Осының нәтижесінде бронхтарды қанмен жабдықтауды ынталандыру орын алып, олардың ісінуі төмендейді. Галотерапия нейтрофилдар мен өзге де патогенді микроорганизмдер мөлшерінің төмендеуіне жағдай жасайды, мұрынның шырышты қабығының, жұтқыншақ пен қосалқы қуыстарының қабынуы мен ісінуін басады, бұл әсіресе созылмалы фарингит, ринит және синусит жағдайында өте пайдалы.

Галотерапия тыныс алу жүйесінің түрлі ауруларынан зардап шегетін балалар мен ересектердің жағдайын жеңілдету үшін белсенді қолданылады, себебі науқастың өткір ауру күйнінен тезірек шығуына көмектесіп қана қоймай, ремиссия ұзақтығын арттырады, бүл ретте дәрілік емдеудің жүктемесін азайтады. Қақырықтың шығуын жақсартуға және науқастың тыныс алуын жақсартуға мүмкіндік береді. Галотерапия вазомоторлық және аллергиялық риниттер, аденоидиттер, риниттер, синуситтер мен гаймориттерді жеңуге мүмкіндік береді. Гаймор қуыстарының пункциясынан кейін тұзды үңгірлерге бару іріңдеу процестерін тоқтатады, бұл көп жағдайда қайталап пункция жасауға бармауға мүмкіндік береді. Галотерапия бронхтар мен өкпенің аурулары терапиясында тиімді профилактикалық әдіс болып табылады. Тұзды үңгірлерге маусымдық ауысу кезеңдерінде (көктем және күз) апта сайын бару өткір ротавирустық инфекцияларды жұқтыру қатерін айтарлықтай төмендетеді. Дәл осы факторлардың арқасында галотерапия әсересе сәбилер, кіші жастағы мектеп жасындағы балаларға, темекі шегушілер мен зиянды өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұлғалар үшін ұсынылады.

Галотерапияны тері аурулары үшін қолдану

Галотерапия косметологияда да белсенді пайдаланылады: терінің сауығуы табиғи тұздың қоректендіргіш, түлеткіш және жасартқыш қасиеттерінің арқасында орын алады. Микроциркуляцияны жақсарту косметикалық құралдардың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Галотерапия аллергиялық аурулар мен ринит, нейродермит, атопиялық дерматит, псориаз, экзема, іріңдеу және зеңдік зақымданулар, акне, әсіресе бронх-өкпе ауруларымен жүретін түрлері сияқты тері ауруларын емдеуге көмектеседі. Галокамераға жүйелі түрде барып тұру тері мен шаштың күйіне жақсы әсер етеді және жасартқыш нәтиже береді. Микроциркуляцияны жақсарту жіне ұлпалардың ісінуін төмендету галотерапияны целлюлитпен күресу үшін тиімді құрал етеді.

Галотерапияны психикалық-эмоциялық күйді үйлестіру және ағзаның жалпы тонусы үшін қолдану

Галотерапияда пайдаланылатын тұзды ерітінді ағзаға жалпы тазартқыш әсер ететін кері иондарды шығарады. Дәл осы кері иондар мына ауруларды жеңілуге көмектеседі:

Галотерапия невроздар, ұйқысыздық және вегетативтік-тамыр дистониясын жеңуге мүмкіндік береді. Галотерапия курсынан өту егде жастағы науқастарға дәрілік емдеу жүктемесін төмендетуге және көптеген аурулардың асқынуын басуға көмектеседі.

Галотерапия мүлде қауіпсіз процедура болып табылады, бұл өте аз концентрацияларда табиғи тұзды пайдаланумен түсіндіріледі. Осының арқасында балалар, жүкті әйелдер мен гипертониялық ауруы бар науқастар тұзды үңгірлерге ешбір шектеулерсіз бара алады. Галотерапия - бұл ағзаны сауықтырудың тамаша әдісі. Галотерапия иммунитеттің нығаюына көмектеседі, ағзаның қорғау қызметтерін күшейтеді, оған толық мөлшерде вирустық және инфекциялық аурулармен күресіп, токсиндер, аллергендер мен зиянды заттарға берік қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Галотерапияны балалар үшін қолдану

Пайдаланудың қарапайымдылығы мен кері әсерлерінің болмауы осы әдісті ең кішкентай пацименттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Дәрігерлер тұзды үңгірлерге үш жастан бастап баруға ұсыныс береді, бірақ одан да кіші балалар үшін де ешқандай шектеулер қойылмайды. Галотерапия вирустық инфекцияны оңай жұқтырып алуға болатын ауыспалы кезеңдерді (көктем, күз) жеңіл көтеруге мүмкіндік береді. Галотерапия бронхитпен және құлақ-тамақ-мұрын аурулары, ӨРВИ, жөтел, тұншығау және демікпе ауруымен жиі ауыратын кішкентай пацинеттер үшін пайдалы болады. Әсіресе экологиясы нашар келетін мегаполистерде тұратын балалар үшін тұзды үңгірлерде емделу пайдалы. Галотерапия дәрімен емдеу жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, осының арқасында аллергиялық реакциялардың пайда болу қатері төмендейді. Галотерапия бронхтар мен өкпе ауруларының терапиясында да тиімді болады. Тұзды үңгірлерге маусымдық ауысу кезеңдерінде (көктем және күз) апта сайын бару өткір ротавирустық инфекцияларды жұқтыру қатерін айтарлықтай төмендетеді. Осы факторлардың арқасында галотерапия сәбилер мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін ерекше пайдалы.

Жүктілік кезіндегі галотерапия

Галотерапия токсикоздың алдын алу үшін тамаша құрал болып табылады, осының арқасында болашақ ана болашақ сәбиінің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін болатын артық медикаменттерден бас тарта алады. Галокамераға бару болашақ анаға жақсы көңіл-күй мен толық релаксацияны қамтамасыз етеді.

Тұзды үңгірлер тізбегі – Galo Center
Пайдамен тыныс алыңыз!